Тоқаев Макронмен телефон арқылы сөйлесті

0
223

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.


Тоқаев Макронмен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда
ERNUR.KZ. Француз тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады BAQ.KZ.


Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай-ақ президенттер Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.