Тоқаев Мәскеуде өткен әскери парадқа қатысты

0
244

Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда әскери парад өтті.


Тоқаев Мәскеуде өткен әскери парадқа қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сондай-ақ Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Парадты Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь елінің басшысы Александр Лукашенко, Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан басшысыСердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Куба президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Лаос президенті Тхонглун Сисулит, Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало тамашалады.