Жеңіс шеруі 9 мамырда Мәскеудің "Қызыл алаңда" өтеді.
иллюстрациялық фото
ҚР Президенті Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
«Президенттің Баспасөз қызметіне БАҚ өкілдерінен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысатын-қатыспайтынын сұраған сауалдар келіп түсіп жатыр. Ресей тарапынан парадқа шақыру келген жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде Мәскеуге сапар жоспарланбаған», деп жазды Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында.