Тоқаев өлім жазасынан толық бас тартуға қатысты заңға қол қойды

0
541

Енді Қазақстан өлім жазасы жойылған 106 мемлекеттің қатарына кіретін болады.


Тоқаев өлім жазасынан толық бас тартуға қатысты заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.