Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Мәскеудегі лаңкестік әрекетті қатаң айыптайтынын айтқан еді.
Сурет: akorda.kz
ERNUR.KZ. 23 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен Ресей Федерациясындағы лаңкестік әрекетке байланысты шаралар туралы кеңес өткізеді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Мәскеудегі лаңкестік әрекетті қатаң айыптайтынын айтқан.
Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің соңғы ресми мәліметі бойынша, 60 адам қаза тапты, құрбандар саны артуы мүмкін.