Тоқаев Шавкат Рахмоновқа әкесінің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты

0
86

Шавкат Рахмоновтың әпкесі Сора Рахмонова әкесі Бақтыбай Алпамысовтың қайтыс болғанын хабарлаған еді.


Тоқаев Шавкат Рахмоновқа әкесінің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты

Фото: TACC, instagram.com/sayatus
ERNUR.KZ. Тоқаев кәсіби спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Stan.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

“Бақтыбай Рахмонұлы мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болды. Нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем еткен, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған өзіңіздей жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын!” – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, бұған дейін танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әпкесі Сора Рахмонова әкесі Бақтыбай Алпамысовтың қайтыс болғанын хабарлаған еді.

Шавкат Рахмоновтың өзі отбасындағы қайғылы жағдайға қатысты көпшілік алдында пікір білдірмеді.