Тоқаев Швейцариядағы Жаңа жыл түні өрттен болған 40 шақты адам өліміне байланысты көңіл айтты

0
134

Тоқаев қаза тапқандардың отбасылары мен жарақат алғандарға қолдау білдіріп, осы қиын кезеңде Швейцария халқымен бірге екенін білдірді.


Тоқаев Швейцариядағы Жаңа жыл түні өрттен болған 40 шақты адам өліміне байланысты көңіл айтты

Фото: Видеодан скриншот/Ақорда
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентіне тау-шаңғы курортындағы қазаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Stan.kz.

Тоқаев Ги Пармеландқа көңіл білдірді.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария конфедерациясының президенті Ги Пармеландқа Кранс-Монтана тау шаңғысы курортындағы өрттің көптеген адам қазасына байланысты көңіл айтты", – делінген мәлімдемеде.

Тоқаев қаза тапқандардың отбасылары мен жарақат алғандарға қолдау білдіріп, осы қиын кезеңде Швейцария халқымен бірге екенін білдірді.