Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды

0
101

Қазақстан Президенті бүгін Мәскеуде бірқатар шет мемлекет басшыларымен кездесу өткізеді.


Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Президенті бүгін Мәскеуде бірқатар шет мемлекет басшыларымен кездесу өткізеді", — делінген хабарламада.