Кездесу міндетті түрде өтеді және тамыз айының соңына Ақордада жоспарланған.
ERNUR.KZ. 2024 жылдың 14 тамызында Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздарымен кездеседі деп жоспарланған болатын. Бірақ шара кейінге шегерілді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, деп жазады zakon.kz.
Уәли кеше, 14 тамызда Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздары мен жаттықтырушылар құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойғанын еске салды.
"Өздеріңізге белгілі, кеше президент Қасым-Жомарт Кемелұлы кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке орай, спортшылар мен бапкерлердің жартысына Ковид диагнозы қойылды, сондықтан кездесуді кейінге қалдыруға тура келді. Барлығына тезірек сауығып кетуін тілейміз." Берік Уәли
Кездесу міндетті түрде өтеді және тамыз айының соңына Ақордада жоспарланған.