"Тоқтатқым келді, алайда қорықтым": Дидар Қалиахмет "102" мен "103"-ке неліктен хабарламағанын айтты

0
105

Ол алдымен "Камажай" дүкеніндегі төбелес кезінде дәрігерлер мен полиция шақырмағаны үшін зардап шегуші Каржаубай Нұрымов пен оның отбасынан кешірім сұрады.


Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта бұзақылық ісі бойынша айыпталған Дидар Калиахметтен жауап алынды, деп жазады zakon.kz.

Ол алдымен "Камажай" дүкеніндегі төбелес кезінде дәрігерлер мен полиция шақырмағаны үшін зардап шегуші Каржаубай Нұрымов пен оның отбасынан кешірім сұрады.

Оның айтуынша, 2024 жылдың 3-4 қазанында іс бойынша куәгер Санат Әбдіқадір оған телефон соғып, моншаға баруды ұсынған. Ол келісіп, Талғардағы Шота Руставели көшесіне барған.

"Моншадан кейін біз қызыл Elantra көлігімен үйге кетіп бара жаттық. Бірақ "Камажай" дүкенінде тоқтап, бір нәрсе алмақ болдық. Сол жерде 8-9 адам тұрды. Біз олармен амандасып, дүкенге кірдік. Кейін екі қыз кірді. Кенеттен шу шықты. Каржаубай ештеңе сатпайтынын айтып, кетуді сұрады. Біз шықтық. Кейін Каржаубай пышақ алғанын көрдім. Мен қорқып, өзімді қорғау үшін оны ұстадым да: "Қой, бауырым", – деп айттым. Басқалар да тоқтауды сұрады."- дейді Дидар Қалиахмет >Содан кейін жас жігіт Нұркияс Ильясовпен амандасып, көлікке отырған. Оқ атылғанын естігеннен кейін ол қайтадан оқиға орнына оралған.
"Мен: "Қазір барып, көріп келемін", – деп айттым. Шота Руставели көшесінде төбелес болып жатқан. Кімді кім ұрып жатқанын білмеймін, себебі ол жерде қараңғы болды, жарық әлсіз ғана жанып тұрды. Мен жігіттерді тоқтатуға барғым келді, алайда қорқып кеттім, өйткені балаларым бар еді. Мен ешкімді ұрмадым. Жылдам көлікке қайта оралдым да, үйге кетіп қалдық. "102" немесе "103"-ке хабарламағаныма өкінемін. Каржаубай Чина туралы айтты, ол менің ағам, бірақ оның мұндай лақап аты жоқ. Ол "Делайте" деп бұйрық берген жоқ, ол оларды танымайды. Қайталап айтамын, мен ешкімді ұрмадым, тек қорғану мақсатында Каржаубайға жауап бердім. Мен шындықты айтып тұрмын", – деді Дидар Калиахмет.

Сот айыпталушылардан жауап алуды аяқтады.