Төрт жасар қыз Павлодардың ең жас балықшысы атанды

0
578

Усолка өзенінің маңында өткен шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.


Төрт жасар қыз Павлодардың ең жас балықшысы атанды

ERNUR.KZ. Ол Усолка өзенінде қармағына алабұға ұстап алды, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Алуа Истаева Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен "FishMania" балық аулау клубы бірлесіп ұйымдастырған әуесқой балықшылар арасында мұздан балық аулау фестиваліне қатысушылардың бірі болды.

Усолка өзенінің маңында өткен шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Нұржан Қазтайдың айтуынша, фестиваль әуесқой балық аулауды насихаттау және балық ресурстарына ұқыпты қарауды мақсат еткен. Фестивалге қатысу үшін 21 өтінім берілді.

"Адамдардың мұзда болу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келетін болсақ, іс - шара өңірлік төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің тікелей қатысуымен өткізілді", - деп толықтырды Нұржан Қазтай.

"FishMania" балық аулау клубының өкілі Евгений Лежниннің айтуынша, жарысқа тек әуесқойлар ғана рұқсат етілген. Олардың ішіндегі ең үлкені - облыс орталығының 73 жастағы тұрғыны, ең жасы - төрт жасар қыз.

- Алуа Истаева алабұғаны өз бетімен ұстап алды, әкесі оған балықты ілгектен шешуге ғана көмектесті, - деді Евгений Лежнин. - Қатысушылардың балық аулау шыбықтарына табан балық пен торта түскен, бірақ көбісінен алабұға болды.

Фестивальде бірінші орынды Кирилл Маркин, екінші орынды Максим Поздников және үшінші Сергей Глазачев алды.