Төтенше жағдай: Қазақстан аумағына көліктің барлық түрін кіргізуге тыйым салынды

0
961

Сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді.


Төтенше жағдай: Қазақстан аумағына көліктің барлық түрін кіргізуге тыйым салынды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Карантин енгізілсін. Санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шараларды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және ішкі істер органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен жүзеге асырсын.», - делінген Президенттің Жарлығында.

Сондай-ақ, Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді.