Цой Қазақстанда карантинді жеңілдетуге қатысты пікір білдірді

0
541

Үкімет отырысында ол карантиннің бес аптасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 56,73 адамнан 36,2-ге дейін төмендегенін айтты.


Цой Қазақстанда карантинді жеңілдетуге қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин жеңілдеуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Үкімет отырысында ол карантиннің бес аптасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 56,73 адамнан 36,2-ге дейін төмендегенін айтты.

Министрдің айтуынша, өлім-жітім көрсеткіші де төмендеді.

"(...) Карантинді жеңілдету қоғамдық орындарда маска режимі мен гигиенаны қатаң сақтай отырып, сондай-ақ барлық ақпараттық арна бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету арқылы жүргізілуі тиіс", - деді Цой.

Айта кетейік, карантинді кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша қорытынды ұсыныс комиссияның бейсенбі, 13 тамызда өтетін отырысында айтылады.