Цой Қазақстанға Pfizer вакцинасын жеткізу туралы айтты

0
295

Бұған дейін коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасы Қазақстанда 2021 жылдың екінші жартыжылдығында пайда болуы мүмкін деп хабарланған болатын.


Цой Қазақстанға Pfizer вакцинасын жеткізу туралы айтты

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанға коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын жеткізудің нақты уақыты анықталмағанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Төрт вакцина (Қазақстанда қолжетімді. - автор.) - үлкен жетістік. Көптеген елде мұндай таңдау жоқ. Әрине, біз осы уақытта Pfizer-мен де келіссөздердер жүргізіп жатырмыз. Бірнеше ай болды", - деді Алексей Цой ОКҚ онлайн-брифингінде журналистердің сұрағыны жауапта.

Оның айтуынша, вакциналарды жеткізу туралы келіссөздер жүргізіліп жатқан барлық өндірушімен ақпарат жарияламау туралы құжатқа қол қойылады.

"Қазіргі уақытта вакциналарды жеткізудің нақты күндері мен бағасы белгісіз. Біз соңғы растауды күтіп отырмыз. Осыны ғана айта аламын", - деді ол.


Бұған дейін коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасы Қазақстанда 2021 жылдың екінші жартыжылдығында пайда болуы мүмкін деп хабарланған болатын.

Сонымен қатар, Қазақстан AstraZenecа вакцинасын жеткізу бойынша келіссөздерді тоқтатты.