Түлектер ғылым министрлігінің үстінен 22 арыз жазған - Саясат Нұрбек

0
311

Қазір бір ғана іс қаралып жатыр.


Түлектер ғылым министрлігінің үстінен 22 арыз жазған - Саясат Нұрбек

ERNUR.KZ. Биыл мектеп бітірген түлектер Ғылым және жоғары білім министрлігінің үстінен 22 арыз түсірген. Бұл жөнінде Саясат Нұрбек айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қазір Астана әкімшілік сотында бір ғана іс қалды, 19 қыркүйек күні бірінші отырысы өтеді. Бірақ сол сотқа берген талапкер Нархоз университетінің грантын да, мемлекеттік грантты да алған. Сондықтан соттың шешімін күтеміз», - деді ол.

Министрдің сөзінше, қазіргі таңда сотқа берген түлектердің бәрі грант иеленген.

Еске салсақ, биыл су басқан өңірлерге квота бөлінгендіктен ҰБТ-дан жоғары бал жинаса да, грантқа түсе алмай қалған түлектер әлеуметтік желіде өз наразылықтарын білдірген. Оның кейбірі Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа берген болатын.