Түнде екі өңірде сынап бағаны 7 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады

0
397


Түнде екі өңірде сынап бағаны 7 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады

ERNUR.KZ. 2024 жылы 19 қазанда ел азаматтарын ауа-райына қатысты қандай тосынсыйлар күтіп тұрғанын сұрап білді, деп жазады kaz.zakon.kz.

Болжамға сәйкес, түнде Алматы және Жетісу облыстарында сынап бағаны -1-7°С дейін төмендеп, түнде үсік жүреді.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың батысында, оңтүстік-батысында, шығысында жауын -шашын, шығысында аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар), батысында қатты жаңбыр, оңтүстік-батысында найзағай болады деп болжанады. Түнде және таңертең еліміздің басым бөлігінде тұман болады, батыста, оңтүстік-шығыста жел екпін алады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК




Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.