"Түнде көршілері полиция шақыртқан": Петропавлда екі жігіт 19 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

0
248

Оқиға 19 сәуір Петропавлдағы Жәлел Қизатов көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.


Фото: sechenov.ru

ERNUR.KZ. Петропавлда жалдамалы пәтерлердің бірінде екі жігіт 19 жастағы қызды зорлаған. Қазір күдіктілер ұсталып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп жазады stan.kz.

Оқиға 19 сәуір Петропавлдағы Жәлел Қизатов көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Полицейлерді сағат түнгі үштер шамасында көршілер шақыртқан. Өйткені пәтерлердің бірінде айғай-шу басталған. Ал тәртіп сақшылары келгенде оларға біраз уақыт бойы есікті ешкім ашпаған. Кейін пәтер иелері есікті ашып, бізді оятып жібердіңдер деп шағымданған. Осы уақытта зорлық көрген қыздың көмек сұраған даусы естілген.

“Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 120- бабының 2-бөлігі (Зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іске қатысы бар деген күдікпен 27 және 25 жастағы екі азамат ұсталды. Олар қазір уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды”, – деді облыстағы полиция департаменті.