Отшашу жергілікті уақытпен кешкі сағат 21:00-де ұйымдастырылады.
ERNUR.KZ. Тұңғыш Президент күніне орай 1 желтоқсан күні елордада мерекелік отшашу болады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Отшашуды қала тұрғындары мен қонақтары Есіл өзенінің жағалауында (Сарыарқа ауданы, Орталық саябақ), Хан-шатыр сауда орталығы маңында, сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысында тамашалай алады » делінген хабарламада.
Отшашу жергілікті уақытпен кешкі сағат 21:00-де ұйымдастырылады.