Талдықорған маңындағы Бақтыбай кенті арқылы өтетін республикалық автожолды 14 адам жауып тастады.
ERNUR.KZ. Алматы облысының тұрғындары Алматы - Өскемен тасжолын жауып тастады, деп жазады tengrinews.kz.
28 шілдеде таңғы уақытта Талдықорған маңындағы Бақтыбай кенті арқылы өтетін республикалық автожолды 14 адам жауып тастады. Кент тұрғындарының тасжол маңындағы аумақты сапасыз жөндеуден өткізгеніне наразылық білдірді. Біршама уақыттан соң полиция қызметкерлері келді.
"Оқиға орнына келген полицейлер санкцияланбаған акция қатысушыларына заңсыз іс-әрекеттерге жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларды жол бойынан шығарып, тасжолды ашты. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесті, олар тұрғындардың наразылықтарын тыңдап, елді-мекеннің мәселелері бойынша шешу жұмыстарын жалғастырды", - деді ПД өкілдері.
Кейінірек автокөлік қозғалысы қайта қалпына келтірілді. Рұқсат етілмеген акцияның бастаушылар мен оның белсенді қатысушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны айтылады.