Жоғары білім кеңесі хатшылыққа тиісті ұсыныс жасады.
ERNUR.KZ. Түркия президенті Реджеп Ердоған Астанада өтіп жатқан түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде ортақ алфавит енгізу мәселесін көтерді, деп жазады sputnik.kz.
Түркия президенті ұйымға мүше елдердің бірлігін нығайту үшін тіл мәселесіне баса назар аудару қажеттігін ерекше атап өтті.
"Ортақ алфавит те маңызды. Осы орайда президенттердің қолдауы қажет. Жоғары білім кеңесі хатшылыққа тиісті ұсыныс жасады. Осы ұсыныс біздің ұйымда мұқият қаралады деп сенемін", - деді Ердоған.
Айта кетері, мерейтойлық саммитке Түркия президенті Реджеп Ердоған, Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев келді. Ұйымға бақылаушы мәртебесімен кірген Түрікменстаннан Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, ал Мажарстаннан осы елдің премьер-министрі Виктор Орбан қатысып отыр.