Түркістандық азамат елордадағы жоғары сот ғимараты алдында өзін өртемек болған

0
550

Қазір аталған азамат қамауда.


Түркістандық азамат елордадағы жоғары сот ғимараты алдында өзін өртемек болған

ERNUR.KZ. Кеше елордада ер адам жоғары сот ғимараты алдында үстіне бензин құйып өзін өртеуге әрекет жасаған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Биыл 20 шілдеде М. атты азамат ҚР Жоғарғы Сот ғимаратының алдында үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеуге оқталған. Оған қатысты «Ұсақ бұзақылық» (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. М.-нің түсініктемесіне сәйкес ол Түркістан облысының бірінші сатылы сотында қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің ағасы болып шықты», - делінген хабарламада.

Қазір аталған азамат қамауда.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот М.-ді ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», - деп мәлімдейді қалалық соттан.

Сондай-ақ, жаза қасақана жасалған әрекеттің қоғамға теріс әсер ететін және қоғамды құрметтемеудің белгісі екенін ескере отырып тағайындалғаны айтылған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.