Жаңа зауыттың құрылысы биыл басталады.
фото: Пресс-служба Министерства здравоохранения РК
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Nobel түрік компаниясымен ірі инвестициялық келісімге қол қойды, деп жазады sputnik.kz.
Құжат елімізде жаңа фармацевтикалық өндіріс салмақ, жобаға компания 40 млрд теңге инвестиция бөледі. Жаңа зауыттың құрылысы 2026 жылы басталады, 17 әлеуметтік маңызы бар препараттар және 40 дәрілік заттар шығарылатын болады.
"Біздің міндетіміз - елді сапалы және қолжетімді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан өңірлік фармацевтикалық хабқа айналатын жағдайлар жасау. Бұл үшін барлық қажетті заңнамалық мүмкіндік жасалған", - деді Ақмарал Әлназарова.
Жаңа өндіріс экспорттық әлеуетті кеңейтіп, Қазақстанда жаңа жұмыс орындары ашылады.


