Түркияда қазақстандық әйелді зорлап, тонады деген күдікті ұсталды

0
132

​Күдікті полицияның арнайы операциясы барысында қолға түсті, оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.


Түркияда қазақстандық әйелді зорлап, тонады деген күдікті ұсталды

Фото: dha.com.tr

ERNUR.KZ. Түркияның Алания қаласында 35 жастағы қазақстандық әйелдің арызынан кейін жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасап, тонады деген күдікпен Сирияның 24 жастағы азаматы қамауға алынды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Түркиялық агенттіктің мәліметінше, әйел түнде көшеде жас жігітпен танысқан. Кейін екеуі бірге Сахире Тюзюн көшесіндегі қонақүйге барған.

Біраз уақыттан кейін ер адам қонақүйден шығып кеткен. Осыдан соң қазақстандық әйел 112 қызметіне хабарласып, оның өзіне жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасап, ұялы телефонын алып кеткенін мәлімдеген.

Күдікті жағалау жолында ұсталды. Полиция бөлімінде оған аудармашының қатысуымен жауап алынып, кейін сотқа жеткізілді. Сот күдіктіні қамауға алып, тергеу изоляторына жіберді.