Түркияда Қазақстанның 18 жастағы азаматы жол апатынан қаза тапты

0
118

Сыртқы істер министрлігі бұл мәселе Қазақстанның Антальядағы Бас консулдығының бақылауында екенін атап өтті.


Түркияда Қазақстанның 18 жастағы азаматы жол апатынан қаза тапты

Сыртқы істер министрлігі

ERNUR.KZ. Түркияның Анталья қаласында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 18 жастағы Қазақстан азаматы Әдия Алмабек қаза тапты. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі растады, деп жазады ulysmedia.kz.

Министрлік марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, Қазақстанның Антальядағы Бас консулдығы қажетті консулдық-құқықтық көмекті толық көлемде көрсеткенін мәлімдеді.

СІМ мәліметінше, Бас консулдық құжаттарды ресімдеуге, Түркияның жергілікті органдарымен өзара іс-қимыл жасауға және марқұмның денесін елге қайтаруды ұйымдастыруға атсалысқан.

ДЕНЕСІ ЕЛГЕ ЖЕТКІЗІЛДІ

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан азаматының денесі 2026 жылғы 17 маусымда елге жеткізілген. Репатриация жұмыстары жұмыс беруші мен серіктес ұйымдардың қаржылай қолдауымен ұйымдастырылған.

Сыртқы істер министрлігі бұл мәселе Қазақстанның Антальядағы Бас консулдығының бақылауында екенін атап өтті. Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар құзырлы органдармен бірлескен жұмысты жалғастырып жатыр.