Тұрсынбек Қабатовтың даулы оқиғасы жалғасты

0
761

Қабатовтың көмекшісі тағы да полицейлердің назарына іліккені белгілі болды.


Тұрсынбек Қабатовтың даулы оқиғасы жалғасты

ERNUR.KZ. Қазақстандық танымал әзіл-ысқақшы Тұрсынбек Қабатовтың көлігі адамды қағып өлтірді деген оқиға жалғасты, деп жазады Tengrinews.kz.

Жол апаты 2019 жылғы 13 қазанда Ақмола облысы Ахмет Нұра ауылына жақын жерде болған. Lexus көлігінің жүргізушісі 34 жастағы Ерлан Омарқұловты қағып кетті және ол жарақат салдарынан қайтыс болды.

Кейін адамды қағып кеткен жол талғамайтын көліктің Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі екені белгілі болды. Алайда ол кезде көлікті оның көмекшісі, музыкант жүргізген.

Әзіл-ысқақшының өзі апат туралы көпшілік білгеннен кейін мәлімдеме жасады. Ол жол апаты болған күні көмекшісі үйіне барып-келу үшін көлік сұрағанын және оның жүргізуші куәлігі жоқ екенін білмегенін айтты.

Журналистерге Қабатовтың сол көмекшісі тағы да полицейлердің назарына іліккені белгілі болды. Ол көліктің жылдамдығын асырып, мас күйінде жүргізгені үшін ұсталған.

"Бір қызығы ол тағы да 2019 жылы шыққан Cadillac Escalade жол талғамайтын көлігін айдаған және ол күлік Мөлдір Мұқановаға - Тұрсынбек Қабатовтың әйеліне тиесілі", - делінген хабарда.


"Қызық, Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова да көмекшісінің жүргізуші куәлігі жоқ екенін білмеді ме әлде бұл кезекте басқа ақталу бар ма?" - деп сұрақ қойды басылым.


Ал қайтыс болған ер адамның анасы тергеушілер заттай дәлелдердің бәрін жойғанын, істі жауып, жүргізуші жауапкершіліктен қашуы үшін қолдан келгенін жасағанын мәлімдеді. Өйткені ол Қабатовтың көмекшісі. Әйелдің айтуынша, тергеушілер Қабатовтың көмекшісін кінәсіз етіп шығарып, жол апатына оның баласын кінәлі етуге тырысып жатыр.