Түзеу мекемесінің бұрынғы басшылары пара алғандары үшін жазаға тартылды

0
1 055

"Әділет подполковнигі" арнайы атағынан айырылды.


Түзеу мекемесінің бұрынғы басшылары пара алғандары үшін жазаға тартылды

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментімен бұрын Жамбыл облысының бойынша ҚАЖ ЖД-158/7 түзеу мекемесінің басшысы және оның орынбасарына қатысты жеке кәсіпкерден пара алу фактісі бойынша жүргізген сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталған болатын, деп жазады Zakon.kz.

А.ж. 31 мамырда Тараз қаласының №2 сотының үкімімен мекеме басшысы пара алуда кінәлі деп танылды және мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына тартылды. Ол "әділет подполковнигі" арнайы атағынан айырылды.

Қылмыстың сыбайлас қатысушысы мекеме басшысының орынбасары мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды және "әділет подполковнигі" арнайы атағынан айырылды.