"Тым жеңіл жаза": Қазақстандықтар Аяжан Еділованы өлтірген қылмыскерді өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етті

0
985

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 19 жастағы Аяжан Еділованың ісіне қатысты үкім шығарып, сотталушы Рахманберді Төребековті кінәлі деп танып, 25 жылға бас бостандығынан айырған еді.


ERNUR.KZ. Алматыда Аяжан Еділованы өлтірген қылмыскер Рахманберді Төребековті өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап еткен петицияға қол жинау басталды, деп жазады Stan.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 19 жастағы Аяжан Еділованың ісіне қатысты үкім шығарып, сотталушы Рахманберді Төребековті кінәлі деп танып, 25 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Петиция мәтінінде қазақстандықтар 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тым жеңіл және әділетсіз деп санайтынын жеткізген.

"Біз Қазақстан азаматтары 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тым жеңіл және әділетсіз деп санаймыз! Сотталған адам болашақта жаза мерзімінің жартысын өтегеннен кейін, яғни 13 жылдан кейін босатылуы мүмкін! ҚР ҚК 99-бабы өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді! Біз Аяжан Еділованы өлтірушіні өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етеміз! Сот әділ және әділ болуы керек! Прокуратура жауап беріп, наразылық білдіріңіз! БАҚ үн қатыңыздар!", - делінген петицияда.