Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 8 шақырым жерде орналасқан.
Фото: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Бүгін, 2026 жылғы 28 қыркүйекте Алматыда сезілген жер сілкінісі болды. Ол туралы толық мәліметті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) ұсынды, деп жазады zakon.kz.
ТЖМ мәліметінше, жер асты дүмпулерін министрлікке қарасты "Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығы" ЖШС мамандары сағат 09:38-де тіркеген. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 8 шақырым жерде орналасқан.
ТЖМ дерегі бойынша, есептік қарқындылығы мынадай:
- Алматы – 6 шақырым, 3–4 балл;
- Қаскелең – 18 шақырым, 2–3 балл;
- Боралдай ауылы – 19 шақырым, 2–3 балл;
- Өтеген батыр ауылы – 28 шақырым, 2 балл.


