УЕФА Қазақстан құрамасына ереже бұзғаны үшін айыппұл салды

0
100

Қазақстан құрамасы қазан айындағы ойындарды ықтимал алты ұпайдың төртеуімен аяқтады.


УЕФА Қазақстан құрамасына ереже бұзғаны үшін айыппұл салды

фото: sports.kz

ERNUR.KZ. УЕФА футболдан Қазақстан құрамасына ереже бұзғаны үшін айыппұл салды, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстан құрамасы қазан айындағы ойындарды ықтимал алты ұпайдың төртеуімен аяқтады.
Алайда қыркүйектегі матчтардың салдары Қазақстан футбол федерациясына айыппұл әкелді. УЕФА 21 жасқа дейінгі құрамаға ережені бұзғаны үшін айыппұл салды.
Анығырақ айтқанда, УЕФА Тәртіп комитеті алаңға бөгде адамдардың шыққаны үшін федерацияға 1250 еуро, ал 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында 8 қыркүйекте өткен Англияға қарсы матчтың басталуын кешіктіріп бастағаны үшін қосымша 7500 еуро айыппұл салған.

Басты құрамаға бұл айыппұлдар әсер еткен жоқ, бірақ қазақстандық құрама айыппұлды толық төлеуі тиіс.