Тамызда ол техникалық нокаутпен жеңілді.
ERNUR.KZ. UFC промоушеніндегі бірінші қазақстандық файтер қыз Мария Агапова аяғын жарақаттап алып, жарты жыл жекпе-жекке шыға алмайтын болды, деп жазады Vesti.kz.
Спортшы ота жасатыпты.
Еске салайық, Агапова UFC-дегі бірінші жекпе-жегін маусымда өткізіп, бірінші раундта-ақ америкалық Ханна Сайферсті жеңген болатын.
Ал тамызда қазақстандық спортшы екінші раундта америкалық Шана Добсоннан техникалық нокаутпен жеңілді. Жекпе-жектен кейін Агапованы зембілмен көтеріп шығарып, ауруханаға алып кеткен еді.


