"Үйіме емес, балалар үйіне барғым келеді": ШҚО-да далада қараусыз қалған екі бала табылды

0
1 363

Қыздың маңдайына, ұлдың мойнына темекінің ыстық шоғы басылған.


ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында далада қалған екі бала табылды. Жедел жәрдем қызметкерлері әбден тоңып, қарындары ашқан балақайларды қала шетіндегі көшелердің бірінен облыстық ана мен бала орталығына жеткізген. Ақхалаттылар бүлдіршіндердің мүлде ата-ана қамқорлығын көрмей, жүдеп кеткенін айтып отыр, деп жазады Stan.kz.

Көшеден табылған кішкентай қыздың аты-жөні белгісіз. Дәрігерлер 1 жас 3 ай шамасында деп болжайды. Жуындырып, киіндіріп, ас-су бере бастаған соң айналасына енді ғана үйрене бастағандай, бірақ қарым-қатынас жасаудан қорқады.

Балаларға мүлде қарамаған. Киімдері көптен бері жуылмаған. Денелерін жағым иіс басып кетіпті. Үлкені келе сала нан сұрап жеді. Кішкентай қыз да келе сала тамақ ішті. Ал, өзін Данил деп таныстырған жігіт 9 жаста екен. Ауырады. Дұрыс сөйлей алмайды. Әкесінің қайда екенін білмейді. Анасының спиртті ішімдікті көп ішетінін айтып отыр.

"Ол жерде тұрғым келмейді. Анаммен бірге тұратын Ваня ағай қарындасым екеумізге күн көрсетпейді. Мен балалар үйіне барғым келеді", - деді ол.

Қыздың маңдайына, ұлдың мойнына темекінің ыстық шоғы басылған.

"Біз балаларды бақылауға алып, ата-анасын ата-ана құқығынан айыруға мәжбүрміз. Кішкентайларды мамандандырылған балалар үйіне өткізуіміз қажет", - деді ШҚО Денсаулық сақтау саласы бойынша қоғамдық кеңестің төрайымы Татьяна Чернышева.

Мүгедектігінінен айырылғанда анасы баласынан бас тартып, кейін балалар үйі қайта рәсімдегенде жәрдемақысы үшін анасы алып кеткен екен. Енді балалар құқығы үшін күресуші мамандар енді анасына екі баласын да бермеуге бел шешті. Тіпті тәртіп сақшылары балалардың ата-анасын іздеуде.