"Үйін су басқан тұрғындарға өтемақы төлене ме?": Министр жауап берді

0
871

Министр жақында еліміздің бірнеше өңірінде соққан жел мен боранды айта келе тұрғындарға жеке мүліктерін сақтандыруға кеңес берді.


ERNUR.KZ. Төтенше жағдай салдарынан үйін су басқан қазақстандықтарға мемлекет тарапынан өтемақы төлене ме? Бұл сауалға ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жауап берді, деп жазады Stan.kz.

"Төтенше жағдайға тап болған азаматтарға мемлекет тарапынан көмек ретінде қаржы резерві қарастырылған. Аталған көмек республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. Ол үшін жылдық бюджет алдын ала қарастырылады. Егер жергілікті бюджет аздық етсе, онда республикалық бюджет есебінен жүреді", – деді министр Ю.Ильин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министр жақында еліміздің бірнеше өңірінде соққан жел мен боранды айта келе тұрғындарға жеке мүліктерін сақтандыруға кеңес берді.

"Таяу күні ғана еліміздің бірнеше өңірінде қатты жел, боран болып төтенше жағдай жарияланды. Салдарынан мемлекеттік және жеке нысандар зардап шеккені белгілі. Осы орайда айтып өтетін жайт, жеке мүлкін сақтандырған абзал. Яғни төтенше жағдай болған сәтте сақтандыру бойынша өтемақы төленеді", – деп қосты министр

Юрий Ильин келтірген мәліметке сәйкес, төтенше жағдайда өтемақы төлеу үшін биыл республикалық бюджеттен 7 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылды.