Үкімет басшысы меморган жетекшілері мен әкімдерге бағаны тежеуді тапсырды

0
591

Үкімет басшысы Сауда және интеграция министрлігіне «Инфляцияға қарсы әрекет етудің кешенді шаралары» аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тежеу жұмысын нақты үйлестіруді жүктеді.


Үкімет басшысы меморган жетекшілері мен әкімдерге бағаны тежеуді тапсырды

ERNUR.KZ. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдер бағаны тежеу жұмысын күшейтуге тиіс. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин осындай тапсырма берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және жұмыс орындарын құру жұмысын одан әрі жалғастыру қажет. Сонымен бірге, биылғы тамыз айында инфляция өсті. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі инфляцияның ұлғаюына барынша себеп болып отыр. Бағаның ең үлкен өсімі Түркістанда, Нұр-Сұлтанда және Қызылордада байқалған. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдер бағаны тежеу жұмысын күшейтуге тиіс», - деді ол Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Сауда және интеграция министрлігіне «Инфляцияға қарсы әрекет етудің кешенді шаралары» аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тежеу жұмысын нақты үйлестіруді жүктеді.

«Бүкіл өңірлер әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізуі және Мемлекет басшысы белгілеп берген міндеттердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет», - деп түйіндеді Премьер-Министр.