Украина Қазақстандағы елшісін неге әлі тағайындамады – СІМ түсініктемесі

0
545

Айтуынша, жаңа елшінің қашан тағайындалатыны туралы ақпарат жоқ.


Украина Қазақстандағы елшісін неге әлі тағайындамады – СІМ түсініктемесі

ERNUR.KZ. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Украина елшісінің кандидатурасы неге әлі таңдалмағанын түсіндірді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Апта сайынғы брифингте журналистер Украинаның Қазақстандағы елшісі былтыр қазан айынан бері тағайындалмағанын атап өтті. БАҚ өкілдері СІМ-нің ресми өкілінен мұның себебін сұрады.

"Дипломатиялық практикада бұл қалыпты құбылыс. Жіберуші тарап, бұл жағдайда Украина елші қызметі қанша уақыт бос тұратынын өзі шешеді", - деді Айбек Смадияров.

Айтуынша, жаңа елшінің қашан тағайындалатыны туралы ақпарат жоқ. Украина бірнеше кандидатура ұсынған, бірақ әлі таңдаған жоқ.
Еске салсақ, былтыр қыркүйекте Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевский орыстар туралы атышулы мәлімдеме жасап, басы бәлеге қалған еді.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Украина елшісін шақырып, наразылығын білдірді. Врублевский Ресейге қатысты мәлімдемесі үшін Қазақстаннан кешірім сұрады. Осыдан кейін Украинаның сыртқы істер министрлігінен Астанаға жаңа елшісін тағайындау туралы сұрау түсті.
2022 жылғы қазанда Украина президенті Петр Врублевскийді Украинаның Қазақстандағы елшісі қызметінен босатты.