Украинада қалып қойған қазақстандық жүк көліктерінің алтауы Польшаға қарай жол тартты

0
603

​3 наурыздағы жағдай бойынша 35 жүк көлігінің жүргізушісі Украина аумағында қалып отыр.


Украинада қалып қойған қазақстандық жүк көліктерінің алтауы Польшаға қарай жол тартты

Көлік жүргізушілері Днепрден Польша республикасына қарай аттанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондайық, бүгін, 3 наурызда, екі жүргізуші Нихотевка өткізу бекеті арқылы Ресей шекарасынан өтті.
Палатаның мәліметінше, 21 жүк көлігі Украина аумағынан шыққан: 10 жүргізуші Ресейге, 8 көлік Молдоваға шықты. Соның ішінде 4 жүргізуші - Түркия азматтары. Тағы 3 жүргізуші Польшаға жетті.
3 наурыздағы жағдай бойынша 35 жүк көлігінің жүргізушісі, оның ішінде қазақстандық көліктерде жүрген 4 украиналық жүргізуші әзірге Украина аумағында қалып отыр.