Украинада соғысқан екі қазақ босатылды

0
66

Бұл ақпаратты Ресейлік "Наш выход" қоғамдық қозғалысы таратты.


Украинада соғысқан екі қазақ босатылды

фото:Владимир Зеленскийдің телеграм арнасынан

ERNUR.KZ. Пасха мейрамы кезінде өткен тұтқындар алмасуы барысында Украина аумағында соғысқа қатысқан екі қазақстандық азамат босатылды, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл ақпаратты Ресейлік "Наш выход" қоғамдық қозғалысы таратты. Олардың мәліметінше, тұтқындар алмасу нәтижесінде 2005 жылы туған Егамбердиев Шерхан Жұманазарұлы мен 2002 жылы туған Ордабаев Ерболат Дулатұлы бостандыққа шыққан.

Қазақстан заңдары бойынша, шетелдегі соғыс әрекеттеріне қатысу – қылмыс. Мұндай іс-әрекет үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Алайда бұл екі азаматтың болашақ тағдыры әзірге белгісіз.