ҰҚШҰ-ның келесі отырысы Қырғызстанда өтеді

0
223

​Бұл саяси шара келесі жылы осы уақытта өтуі мүмкін.


ҰҚШҰ-ның келесі отырысы Қырғызстанда өтеді

Фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жаппаров ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында ұйымға Қырғыз елінің төрағалық етуі жайлы айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Президент ұйымға төраға Қырғызстан болған кезеңде серіктестерінің жан-жақты қолдауын күтетінін айтты.

«Бірлескен күш-жігер аясында ҰҚШҰ аясында ынтымақтастығымызды нығайта түсіп, сын-қатерлерге тиімді жауап бере отыра, ұйымның имиджін арттыра түсеміз деп ойлаймыз. Осы орайда Қазақстанды ұжымға сәтті төрағалық еткенімен құттықтаймын. ҰҚШҰ-ның кезекті отырысын 2025 жылдың төртінші тоқсанында өткізуді ұсынамын»,- деді Жаппаров.

Отырысқа қатысқан ұйымға мүше елдер келесі отырысты Қырғызстанда өткізу жайлы құжатқан қол қойды.