Ұлттық банк үш айда 21,6 тонна алтын сатты

0
202

Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның алтын-валюта резерві небәрі 692,3 кг-ға өсті.


Ұлттық банк үш айда 21,6 тонна алтын сатты

Sputnik / Олег Ласточкин

ERNUR.KZ. Қазақтан Ұлттық банкі мамырдан шілдеге дейін 21,6 тонна алтын сатты, деп жазады sputnik.kz.
Алтын-валюта резервтеріндегі алтынның үлесі 3%-ке азайды.
Қазақстанның жалпы халықаралық резервтерінің көлемі биыл тамызда 42,7 млрд доллар болды, өткен жылмен салыстырғанда 27,2%-ке көп.
"Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның алтын-валюта резерві небәрі 692,3 кг-ға өсті. Алғашқы төрт айда 22,3 тонна алтын сатып алынды, бірақ мамырдан шілдеге дейін — керісінше, Ұлттық банк осы бағалы металдың 21,6 тоннасын сатты", - деп жазды басылым.
Қазақстан 2022 және 2023 жылдары 108,1 тонна алтын сатқан: 2022 жылы 50,7 тонна және 2023 жылы 57,4 тонна.
Жалпы халықаралық валюта қорының қаржылық статистикасына негізделген World Gold Council деректеріне сәйкес, Қазақстан алтын қорларының көлемі бойынша әлемде 18-ші орында тұр.