Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі

0
2 375

Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде.


Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі

ERNUR.KZ. Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Үкімет бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту бойынша жұмыс істейді. Оны халықаралық тәжірибе негізінде балаларды ерте дамыту жөніндегі ұлттық жоспарға енгізеді. Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделін енгізу және қосымша білім беруді жан басына қаржыландыру арқылы 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтуды 99 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз» - деді Асқар Мамин.

Оның атап өтуінше, 400 жаңа балабақша ашылады.

«Мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында 180 мектеп салу жоспарланған. Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі», - деді Үкімет басшысы.