Отырыс онлайн форматта болады.
фото: inform.kz
25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Tелеграм каналында жазды.
«Онлайн форматта өтетін іс-шараға түрлі өңірден өкілдер қатысады. Отырыс барысында бұрын айтылған ұсыныстар, сондай-ақ бірқатар жаңа бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланады», - деді Е. Қарин.