Ұлттық тасымалдаушы теміржол билеттеріне жеңілдіктер мерзімін қысқа дейін ұзартты

0
123

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттеріне маусымдық жеңілдіктер мерзімін ұзартты.


Ұлттық тасымалдаушы теміржол билеттеріне жеңілдіктер мерзімін қысқа дейін ұзартты

ERNUR.KZ. Енді жолаушылар 3 қараша мен 11 желтоқсан аралығында 7 бағытқа билеттерді 40%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады, деп жазады rail-news.kz.

Билеттер саны шектеулі.

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздар:

- № 9/10 «Астана – Алматы» Вагон түрі: отыратын (2С)

Жеңілдік: 40% — пойыз жөнелтілуіне 45-тен 10 күнге дейін сатып алынған орындарға;

- № 65/66 «Астана – Жезқазған»

Вагон түрі: туристік (2Д)

Жеңілдік: 25% — купелік орындарға;

• № 67/68 «Астана – Өскемен»

Вагон түрі: туристік (2Д)

Жеңілдік: 30% — үстіңгі сөрелерге;

• № 77/78 «Алматы – Маңғыстау»

Вагон түрі: купе (2К)

Жеңілдік: 25% — үстіңгі орындарға;

• № 351/352 «Алматы – Өскемен»

Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)

Жеңілдік: 30% — үстіңгі орындарға;

• № 691/692 «Атырау – Ақтөбе»

Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)

Жеңілдік: 20% — үстіңгі орындарға.

Күн сайын қатынайтын пойыз:

• № 11/12 «Алматы – Шымкент»

Вагон түрі: туристік (2Д)

Жеңілдік: 25% — купелік орындарға.

Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе вокзалдағы билет кассаларынан алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 тегін нөміріне қоңырау шалуға немесе WhatsApp арқылы +7 776 714 5686 нөміріне хабарласуға болады.