Ұлытауда жүкті әйел соққыдан қорғанбақ болып, бірге тұратын ер адамға пышақ сұққан

0
257

Сот оны 4,5 жылға бас бостандығынан айырды.


Ұлытауда жүкті әйел соққыдан қорғанбақ болып, бірге тұратын ер адамға пышақ сұққан

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Ұлытауда көңіл жарастырған ер адамның соққысынан құтылмақ болған жүкті әйелге қатысты сот отырысы өтті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 6 маусымға қараған түні әйел адам жұмысынан үйіне оралған кезде болған. Ер адам оны мас күйінде қарсы алды. Ол кірген бетте-ақ әйел адамды ұрып-соға бастаған. Ұрып-соғудан қашып бара жатып, ас үй пышағымен ер адамның кеудесіне сұғып алады.

«Прокурор сотталушыны кінәлі деп тануды және оған 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы «М» өз кінәсін толық мойындады. Жасаған ісіне шын жүректен өкініп, соттан оны бас бостандығынан айырмауды өтінді», - деп хабарлады сотта.

Кінәні толық мойындау және жүктілік жазаны жеңілдететін жағдай деп саналды. Дегенмен әйел адам ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша кінәлі деп танылып, 4,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды. Үкім әлі күшіне енген жоқ.