UMAI Ұлттық сыйлығының жүлде қоры аталды

0
795

Сыйлық мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін қолдауға бағытталған.


UMAI Ұлттық сыйлығының жүлде қоры аталды

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев UMAI сыйлығы туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ұлттық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 млн теңгені құрайды. Сыйлық: театр өнері, музыка өнері, хореография өнері, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер сынды 4 бағыт бойынша беріледі және 19 аталымды қамтиды.

Әр номинацияның жеңімпазы 2 млн теңге және "Үздік музыкалық-драмалық спектакль" және "Үздік балет спектаклі" номинацияларының жеңімпаздары 10 млн теңге алады. Министр жақын арада министрлік тарапынан бұл туралы толық ақпарат ұсынылатынын атап өтті.