Нью-Делиде Дж. Неру атындағы Университетте Шығыстың көрнекті ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.
ERNUR.KZ. Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Ерлан Әлімбаев өз сөзінде әл-Фарабидің мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер мен оқиғалар күнтізбесіне енгізілгенін және оны Делиде мерекелеу ұлы ғалымның Дүниежүзілік мұрасын зерттеуге және зерделеуге қуатты серпін беретінін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz.
Іс-шараға қатысқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің делегациясы қатысушыларды ғалымның өмірі мен еңбектерімен таныстырды.
Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген жергілікті академиялық орта өкілдері мен Үндістанның ғылыми орталықтары мен институттарының басшылары Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасының маңыздылығын атап өтіп, осындай оқиғалардың екі елдің мәдениетін жақындастыру үшін маңыздылығын атап өтті.
Бұл іс-шара әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған Үндістандағы мерекелердің бастауы болды.