Үндістандық әуе компаниясы Қазақстанға рейстерін тоқтатты

0
94

Сақтық шаралары Иран аумағындағы жағдайға байланысты қабылданған.


Үндістандық әуе компаниясы Қазақстанға рейстерін тоқтатты

Сурет: Х/IndiGo6E

ERNUR.KZ. 3–28 ақпан аралығында үндістандық төмен бюджетті IndiGo әуе компаниясы Алматыға ұшатын рейстерін тоқтатты, деп жазады zakon.kz.

Әуе компаниясының X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, Алматыға қатысты өзгерістерден бөлек, Тбилиси, Ташкент және Баку бағыттарындағы ұшу кестесіне де түзетулер енгізілген. Сақтық шаралары Иран аумағындағы жағдайға байланысты қабылданған.

"Біз Иран төңірегіндегі аймақтағы жағдайдың дамуын мұқият бақылап отырмыз және қауіпсіздік басты басымдық болғандықтан, ұшу кестесін алдын ала қайта қараудамыз", – делінген хабарламада.

Әуе компаниясы алдағы жаңартулар мен өзгерістер туралы ресми байланыс арналары арқылы хабарлап отыруға уәде берді.

2 ақпанда Үндістан Қазақстан азаматтары үшін визаны тегін еткені белгілі болған еді.