Бүгін жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды.
Фото: @kokshe_city
ERNUR.KZ. Көкшетауда немересімен серуендеп келе жатқан зейнеткер жол-көлік оқиғасының құрбаны болды. Дәрігерлер оның өмірі үшін екі апта бойы күрескенімен, әйел қайтыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қайғылы жағдай қала орталығындағы адам көп жүретін көшелердің бірінде болған. «Жигули» мен «Мерседес» жоғары жылдамдықпен соқтығысып, екінші көлік жаяу жүргіншілер жолағына ұшып кеткен. Салдарынан екі көліктің жолаушылары ауыр жарақат алды, ал ВАЗ жүргізушісі дін аман.
Алайда ең ауыр соққы 68 жастағы әйелге тиді. Ол немересімен жаяу кетіп бара жатқанда, «Мерседес» көлігінің астына түскен. Зейнеткер жансақтау бөліміне жеткізіліп, дәрігерлер жедел операция жасаған. Ал 10 жасар немересі көліктен шашылған сынықтардан жарақат алғанымен, жағдайы қалыпты.
Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының травматология бөлімінің басшысы Мұратбек Бекмұхамбетовнауқастың өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті шаралар жасалғанын айтты:
«Төтенше жағдай белгілері бойынша шокқа қарсы шаралар дереу басталды. Қан тамырлары хирургі мен травматологтар қатысқан үлкен көлемді операция жасалды. Кейін науқас жансақтау бөліміне ауыстырылып, қарқынды терапия жүргізілді. Өкінішке қарай, алған ауыр жарақаттарының салдарынан науқас қайтыс болды», – деді ол.