​Үш облыста қатты аяз болады

0
1 878

Қатты аяз күтіледі.


​Үш облыста қатты аяз болады

ERNUR.KZ..KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, республиканың батыс және оңтүстік-шығыс облыстарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жауын-шашын жауып, батыста түнде қатты жауын-шашын болады, деп жазады Baq.kz.

Республиканың кей жерінде көктайғақ, тұман бұрқасын болып, жел күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, түнде желдің күші 15-22 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын болады.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақтөбе облысының кей жерінде бұрқасын күтіледі.

Алматы, Түркістан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысында, Қарағанды облысының кей жерінде, Алматы облысының солтүстігінде қатты аяз күтіледі.