Ұшақ апаты: Зардап шеккен алты адам ауруханадан шықты

0
761

9 адам ауруханада дәрігерлердің бақылауында болады.


Ұшақ апаты: Зардап шеккен алты адам ауруханадан шықты

ERNUR.KZ. Fokker 100 ұшағының апатқа ұшырау салдарынан зардап шеккен тағы 6 адам бүгін ауруханадан шықты, деп жазады 24.kz.

Олардың барлығының қазір жағдайы бірқалыпты, енді емін үйлерінде жалғастыратын болады, деді бүгін журналистерге арнайы брифинг өткізген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері.

Алайда әлі 9 адам ауруханада дәрігерлердің бақылауында болады. Зардап шеккен тағы үш кісі Нұр-Сұлтан қаласындағы ғылыми орталықта ем қабылдап жатыр.

Ал, балалардың барлығы да үйлеріне шығарылған. Сондай-ақ қан тамырларына қатты зақым келіп, дәрігерлерді алаңдатқан науқастың да жағдайы оңалып, үйіне жіберілді. Ол біраз уақыт өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатқан болатын.

"Ол науқастың жағдайы қазір бірқалыпты. Жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылған болатын. Бүгін үйіне шығарылды. Бас дәрігерге хабарладық, енді амбулаториялық ем қабылдайды" - дейді қоғамдық денсаулық басқармасы жетекшісінің орынбасары Әсел Бисембаева.