Болған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтқан бас консул қаза болған Әзербайжан азаматтарының денесі екі күннің ішінде Отанына жеткізілетінін хабарлаған.
Ulysmedia коллажы
ERNUR.KZ. Әзербайжанның Ақтаудағы бас консулы Айхан Сүлейменұлы өкінішке қарай ұшақ апатынан қаза болғандардың кейбірінің денесі адам танымайтын жағдайда екенін айтты, деп жазады ulysmedia.kz.
Болған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтқан бас консул қаза болған Әзербайжан азаматтарының денесі екі күннің ішінде Отанына жеткізілетінін хабарлаған.
– Өкінішке қарай, кейбір денелер адам танымайтын күйде. Қажетті медициналық процедуралардан кейін денелер Әзірбайжанға жіберіледі, - дейді ол.
Айхан Сүлейманов Әзербайжан денсаулық сақтау министрлігі мен бас прокуратурасының қызметкерлері ауруханада жатқан науқастардың жағдайын бақылап отырғанын айтқан.
– ДНҚ анализі қажет болады. Денелері танылмайтын күйдегі адамдардың жеке басын анықтау үшін белгілі бір медициналық процедуралар жүргізіледі, - дейді ол.
АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ
25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты.