Ұшақ бортында шылым шеккендерге 126 мың теңге айыппұл салынады

0
1 059

Басқа елдерде әуе кемесінің бортында шылым шегу заң бұзушылық қатарына жатқызылады.


Ұшақ бортында шылым шеккендерге 126 мың теңге айыппұл салынады

ERNUR.KZ. 2019 жылдың мамыр айынан бастап ұшақ бортында шылым шеккен 26 жолаушыға айыппұл салынған. Қазір уақытты айыппұл көлемі 126,2 мың теңге, деп жазады ҚазАқпарат.

2019 жылдың сәуір айында ҚР Әкімшілік құқық бұзушыл туралы кодекстің «Темекі өнімдері мен электронды темекіні жеке қоғам орындарда тұтынуға тыйымды бұзу» 441 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Түзетулерге сәйкес Қазақстанда ұшақ бортында шылым шеккені үшін айыппұл мөлшері 50 АЕК-ті құрады, бұл 126 250 теңге. 2015 жылы аталмышш айппыұл 3 АЕК (5 946 теңге) ғана болған. Жаңа ережелер бойынша 2019 жылғы мамыр айынан бастап 26 жолаушыға шылым шеккені үшін айыппұл салынған.

«2018 жылы 2015 жылмен салыстырғанда «Эйр Астана» бортында темекі шеккен жолаушылардың саны 34% өсіп кеткен, бұл 123 оқиғадан 166-қа дейін. Ең жиі мұндай бұзушылық Алматы мен Ыстанбұл, Алматы мен Мәскеу және Алматы мен Киев арасындағы рейстерде орын алады», деп хабарлайды компания.

«Эйр Астана» әуекомпаниясы ұшақ ішінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі жөнінде жолаушыларды ескертеді.

«Ұшу қауіпсіздігі компанияның ең басты құндылығы болып есептеледі. Ұшақ бортында ережелерді бұзғаны үшін барған елдің заңына сәйкес шара қолдануға жолаушылар құқық қорғау органдарына тапсырылады», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, басқа елдерде осыған қатысты заңы біршама қатал. Ол әуе кемесінің бортында шылым шегу қоғамдық жерде шылым шегумен теңелестірілмейді, заң бұзушылық қатарына жатқызылады. Мысалы, Ұлыбританияда ұшақ бортында шылым шеккендерге 2 500 фунт (1,1 млн теңге) айыппұл қарастырылса, Жапонияда айыппұл 500 мың иен (1,8 млн теңге).